Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
02
октябрь
2025

Ата-аналарға ББЖМ туралы

Ата-аналарға арналған ақпарат
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ
 МОНИТОРИНГІ ТУРАЛЫ
ББЖМ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ
ББЖМ кездейсоқ іріктеу әдісімен анықталатын бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарының 4 және 9-сынып білім алушылары арасында өткізіледі. ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес іріктемені мектептердің аумақтық тиесілігі мен түрін, оқыту тілі мен білім алушылар контингентін ескере отырып, уәкілетті орган айқындайды. Жыл сайын мектептердің қатысу пайызы 25% құрайды, бұл ретте тестілеуге алдыңғы оқу жылдарында ББЖМ қатысушылары болған мектептер қатыспайды. Іріктелген мектептерде мониторингке үйде немесе ұзақ емделуге мұқтаж балаларға арналған сауықтыру мекемелерінде, сондай-ақ объективті себептер бойынша тестілеу күні болмаған адамдарды қоспағанда, барлық оқушылар қатысады. 
Мониторинг нәтижелерінің ББЖМ қатысушы мектептері үшін құқықтық салдары болмайды. Керісінше, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы (бұдан әрі – Алтынсарин Академиясы) оқу бағдарламасының қиындықтар туғызатын бөлімдерін және оқу жетістіктеріне әсер ететін факторларды айқындай отырып, сондай-ақ талдау қорытындылары бойынша стейкхолдерлер үшін ұсынымдар әзірлей отырып, ББЖМ нәтижелерін талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ел деңгейінде ББЖМда жетістіктері төмен мектептерге білім беру сапасын арттыру мақсатында атаулы әдістемелік көмек көрсетіледі. Тестілеу нәтижелері оны өткізген күннен бастап 3 ай ішінде қатысушы мектептердің назарына жеткізіледі. ББЖМ қорытындылары туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
ББЖМ-ның  ҚҰРАЛДАРЫ
PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне ұқсас, ББЖМ білім алушыларды сауаттылықтың үш негізгі бағыты бойынша тестілеуді қамтиды: оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми. ББЖМ-2024-те тестілеудің үш бағыты бойынша тапсырмалар саны өзгертілді. Сонымен, 4-сыныптарда тест тапсырмаларының саны 50, 9-сыныптарда – 65-ті құрады (1.2.1-сурет). Мониторингтің алдыңғы жылдарындағыдай, тесттерде күрделіліктің үш түрі бар: негізгі, орташа, жоғары. Тест тапсырмаларының мазмұны МЖМБС сәйкес келеді.