04
февраль
2025
«HR-NOBD» ПЛАТФОРМАСЫ – САПАЛЫ КАДР ТАҢДАУДЫҢ АШЫҚ ЖҮЙЕС
«HR-NOBD» ПЛАТФОРМАСЫ – САПАЛЫ КАДР ТАҢДАУДЫҢ АШЫҚ ЖҮЙЕСІ
«Hr-nobd» — педагогикалық мекемелердегі бос жұмыс орнына орналасуға өтініш беру және оны өңдеу барысын автоматтандыруға, үміткерлер мен бос орындардың деректер қорын құруға, ақпараттық технологияларды қолдану негізінде педагогикалық құрамды іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға арналған цифрлық жүйе.
Жүйе конкурстық әдіске негізделеді. Педагогикалық қызметке үздік кадрларды іріктеп алуға мүмкіндік береді. Жемқорлықтың алдын алады. Мұғалім болып жұмысқа орналасқысы келетін маман порталға өтініш қалдырып, талапқа сәйкестігі баллдық шәкіл бойынша анықталады. Бұл платформа жұмыс берушіге тиімді және ыңғайлы.
Осы орайда, Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын негізге ала отырып, бірнеше бос орын жариялап, 8 маман қабылдады. Педагог-психолог Семихвостова Александра, математика пәні мұғалімі Айдар Гүлсезім жоғары оқу орындарын үздік тәмамдаған. Жас мамандарға сәттілік тілеп, болашақта шәкірттері де үздік болатынына сенім білдіреміз!!!