16
декабрь
2025
"ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ"
"ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ"
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы «Балалар кітапханасы» жобасы
негізінде кітапханашы Н.П. Игнатьева 1 "Г" сынып оқушыларына "16-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" тақырыбында тағылымды әңгіме жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға Тәуелсіздіктің маңызы, еліміздің егемендікке жету жолындағы тарихи оқиғалар және тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, еліміздің мәдени мұрасы, мемлекеттік рәміздері мен олардың мәні түсіндірілді. Балалар белсенді түрде сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті. Бұл әңгіме балалардың өз отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихты тереңірек түсінуге септігін тигізді.
и ещё 6