Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИНГЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТ
05
февраль
2025

ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИНГЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТ

ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИНГЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ 📚
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы "Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында 8 "Ә" сынып оқушыларымен ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы Н.П. Игнатьева қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық кездесу өткізді. 
Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмір жолы, шығармашылық ізденістері мен қазақ тарихындағы маңызды рөлін танып білді. "Көшпенділер" трилогиясы арқылы қазақ халқының тарихын шебер суреттеген Ілияс Есенберлиннің еңбектеріне ерекше назар аударылды. Оқушылар жазушының шығармаларындағы тарихи оқиғалар мен кейіпкерлер жайлы өз ойларымен бөлісіп, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды. 📖
Осындай шаралар жас ұрпақтың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін оятып, рухани дамуына ықпал етеді. 🌿









и ещё 6




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив