Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
28
февраль
2025

КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
🔰 Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп кітапханашысы Н.П.Игнатьева 9 «В» сынып оқушыларымен «Жалындаған күрескер – Ораз Жандосов» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты – ұлы қоғам қайраткері, күрескер, қайсар тұлға Ораз Жандосовтың өмірі мен қызметін жас ұрпаққа таныстыру, оның еліміз үшін атқарған ұлы еңбектерін ұлықтау болып табылады.
🔰 Көрмеде Ораз Жандосовтың тарихи суреттері, еңбектері мен оның өмірі туралы жазылған деректер мен кітаптар ұсынылды. Оқушылар көрмені қызыға қарап, Ораз Жандосовтың азаматтық және саяси қызметі туралы мол мәліметтер алды. Сонымен қатар, оқушылар өзара пікір алмасып, тарихи тұлғаның қоғам мен мәдениетке қосқан үлесі жайында өз ойларын ортаға салды.
🔰 Бұл шара арқылы жастар Ораз Жандосовтың есімін ұмытпай, оның ерлігі мен өшпес рухын бүгінгі ұрпаққа жеткізу қажеттігін түсінді. Кітап көрмесі оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, тарихи тұлғаларға деген құрмет сезімін арттыруға ықпал етті.









Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив