Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
25
февраль
2025

«ҚАЙРАН ОРАЗ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

«ҚАЙРАН ОРАЗ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашысы Н.П. Игнатьева  1 «Г» сынып оқушыларымен «Қайран Ораз» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мектептің аты не себепті Ораз Жандосов есімімен аталғанын түсіндіру, оның өмірі мен еңбектері жайлы мағлұмат беру. Шара барысында оқушыларға Ораз Жандосовтың қазақ халқы үшін жасаған еңбектері, білім мен ағартушылық саласына қосқан үлесі жайлы әңгімеленді.
Ораз Жандосов – еліміздің көрнекті қоғам қайраткері, білім мен мәдениеттің дамуына үлес қосқан тұлға. Ол өз өмірін халық ағарту ісіне арнап, көптеген мектептердің ашылуына себепкер болды. Оның есімімен аталатын мектебіміз – сол игі істердің жалғасы.
Іс-шара соңында оқушыларға Ораз Жандосов туралы сұрақтар қойылып, ойларын ортаға салу мүмкіндігі берілді. Балалар қызығушылықпен тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Осындай танымдық іс-шаралар оқушылардың тарихи тұлғалар туралы білімін кеңейтіп, оларды патриоттық сезімге баулуға ықпал етеді.








и ещё 4



Все реакции:25Вы, Багила Айтбаева, Калима Оспанова и ещё 22
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив