04
февраль
2025
ӨМІРІН ӨЛЕҢМЕН ӨРНЕКТЕГЕН ФАРИЗА АҚЫН
ӨМІРІН ӨЛЕҢМЕН ӨРНЕКТЕГЕН ФАРИЗА АҚЫН
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханасында қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, халық ақыны, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 85 жылдық мерейтойына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің басты мақсаты – оқушыларды Фариза ақынның бай мұрасымен таныстыру, оның өлеңдеріндегі ұлттық рухты, ана тілге деген махаббатты насихаттау. Көрмеде ақынның әр жылдары жарық көрген кітаптары, естелік жазбалары мен мақалалары, сондай-ақ оның шығармашылығына арналған зерттеулер қойылды.
Шара аясында оқушылар Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін жатқа оқып, оның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алды. Ақынның сөз өнеріне қосқан үлесін ұлықтай отырып, жастарға рухани байлық сыйлау – бұл көрменің басты ұстанымы болды.
Фариза ақынның жалынды жырлары мен рухты шығармалары әрбір оқырманның жүрегінде мәңгі сақталатыны анық. Оның мұрасы – ұлт мәдениетінің баға жетпес қазынасы.