Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ
21
ноябрь
2024

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ
Бейімбет Майлин – қабілетті жазушы әрі фельетонист, қазақ прозасының негізін қалаушылардың бірі. Танымал жазушы өз шығармаларында өмірдегі әділетсіздік пен еңбекқор халықтың ауыр тұрмысы туралы баян еткен.
Бүгін, 21 қараша күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханадасында 1937-1938 жылдары тұрпайы социологиялық сынға ұшыраған, қуғын-сүргін көріп, жазықсыз құрбан болған асыл арыстарымыздың бірі қазақтың ұлы жазушысы, ұлт мақтанышы Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына орай «Бейімбет Майлин – қазақ әдебиетінің классигі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде Б.Майлиннің кітаптары мен әңгіме-жинақтары қойылған. 
Шараның мақсаты: Кеңес әдебиетінің аса талантты өкілдерінің бірі Бейімбет Майлин туралы білімдерін кеңейту, өмір жолы мен шығармашылығынан мәліметтер беру, оқырмандардың патриоттық және адамгершілік сезімдерін ояту.








и ещё 2




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив