04
февраль
2025
«САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫ»
ОҚУШЫЛАР «САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫ» МҰРАЖАЙЫНА ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшісі В.Л.Убайдуллаевамен бірге «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары» мұражайына экскурсияға барды. Музей қызметкерлері оқушыларға көрме ұйымдастырып, "Ашаршылық" атты көркем фильм ұсынды. Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде қазақ зиялылары мен олардан қалған мұралар жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудегі маңызы зор. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының идеялары жастардың ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, өз елінің тарихын құрметтеуге, елжандылық қасиеттерін қалыптастыруда септігін тигізері сөзсіз.
и ещё 6