11
декабрь
2024
ОҚУШЫЛАР МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖІНЕ БАРДЫ
ОҚУШЫЛАР МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖІНЕ БАРДЫ
2024 жылдың 11 желтоқсан күні, «Еңбек адал жас өрен» жобасы және кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында мектебіміздің 9 "Ә" сынып оқушылары М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжіне (SHTK M.TYNYSHBAEV) қызықты әрі білімді экскурсияға барып қайтты. Жобаның мақсаты – жас өрендерге кәсіби бағыт-бағдар беру, олардың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды тануына мүмкіндік жасау.
Экскурсия барысында оқушылар колледждің оқу кабинеттерін аралап, мұғалімдер мен мамандардың жетекшілігімен түрлі оқу жабдықтарымен танысты. Көлік колледжі студенттері өздерінің теориялық және практикалық білімдерін көрсетіп, жас өрендерге қазіргі заманғы көлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша мастер-класстар өткізді.
Кәсіптік бағдар беруші педагог: Г. С. Каппарова және А. Ә. Жұмабекова.
и ещё 3