30
апрель
2024
ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ М.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖІНЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ БАРДЫ
Кәсіби бағдар беру аясында 24 сәуір күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушылары кәсіби бағдар беруші педагог З. М. Құрманбаевамен М.Өтебаев атындағы колледжіне «МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ — МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ» тақырыбындағы ашық есік күніне барды. Ашық есік өткізу кезінде колледж оқытушылары бар күш-жігерлерін салып, мұнда оқылатын кәсіби мамандықтың барлық түрін жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер арқылы көрсете отырып, колледждегі мамандықтардың қыр-сырын ашып, тереңірек тоқталды. Оқушылардың қызығушылығы артып, болашақ мамандықтарына бағыт-бағдар алды. Колледждің фойесінде студенттердің қолымен жасалған көрме ұйымдастырылды. Салтанатты жиыннан кейін оқушылар колледждің мұражайымен, кітапханасымен танысты. Оқушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.













