18
май
2023
Оқушыларымыздың шығармашылық жетістіктері
Бүгін оқушыларымыз тағы да қуаныштарымен, өнердегі жетістіктерімен бөлісті.
Мектебіміздің ең кішкентай суретшілері мен 8-сыныптың жас қолөнершілері Алматы қаласында өткен балаларға арналған бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің Халықаралық онлайн байқауында шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Балалар бар өнерін салды! Папье-маше мен табиғи материалдардан жасалған жұмыстарға сонша жігер мен сүйіспеншілік жұмсалды. Нәтижесі - керемет! Барлық балалар бірінші дәрежелі дипломдармен марапатталды! Санникова Екатерина, Хаматова Диана, Федоренко Вероника, Петляйкин Владимир, Аминова Янина, Шишкалова Дарья, Юлдашева Чарос, жарайсыңдар!
9-10 сыныптың оқушылары Махмұд Шұғыла, Сапи Аида, Баратова Перизат «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Жарқын болашақ» және Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадалардың қалалық кезеңінде жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларымыз қатарының алды болып, шығар шыңдары биік болсын! Балалардың дарындылығын қолдап жүрген ұстаздарымыздың игілікті еңбегі жемісті болсын! Қаунышты күндеріміз көп болсын!