04
февраль
2025
20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ
20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ
Кітап оқу - рухани кемелдікке жеткізеді. Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады. Осы орайда Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде кітапханашы Н. П. Игнатьеваның бастамасымен
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 4 «Г» сынып оқушыларымен «Зима рассказывает сказки» тақырыбында "20 минуттық кітап оқу" сағатын өткізді.
Балалар көркем әдеби кітаптарды оқып қана қоймай оқыған кітабын,әңгімелеу,мазмұндау жұмыстары барысында,кітап оқуға деген қызығушылығын арттырумен қатар рухани құндылығымызды,тарихи деректерді келешек ұрпақ бойына дарытып,ішкі жан дүниесі бай болатыны сөзсіз.Өйткені адамның жан дүниесі мен іштегі тебіренісін,оның өмірге деген көзқарасын кітаптан артық жеткізер құралдың жоқтығы анық.
КІТАП ОҚЫП, РУХАНИ БАЙ БОЛАЙЫҚ!
и ещё 4