Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
04
февраль
2025

ЖАҢА КІТАП – ЖАҢА ӘЛЕМ

ЖАҢА КІТАП – ЖАҢА ӘЛЕМ

Кітап — үлкен қазына, білім мен даналықтың қайнар көзі. Ол жаңа белестерді ашады, мейірімділік пен жанашырлықты үйретеді. Кез келген жанр мен бағыттағы әрбір оқылған кітап ой жүгіртуге және оқырмандардың көкжиегін дамытуға мүмкіндік береді.
Осы орайда, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында және «Балалар кітапханасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп кітапханасының меңгерушісі Игнатьева Надежда Павловна 7 «Д» сынып оқушыларымен "Жаңа кітап - жаңа әлем" тақырыбында жаңа кітаптардың таныстырылымын өткізді.
Мектеп кітапханаларының жұмысын жандандыру, кітап қорларын толықтыру мақсатында мектеп кітапханасына көптеп жаңа әдеби кітаптар келіп жатыр.  
Оқушылар, бүгін сендер жаңа кітаптармен танысып,  достасып, өздеріңе пайдалы мағұлмат, біраз кеңес алдыңдар. Тағы да көп білгілерің келсе, кітапханаға жиі келіңіздер, қызықты кітаптарды оқыңыздар. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен, қолыңа кітап алып оқығанға не жетсін! Рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана болсын.
Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді «Танысыңыз, жаңа әдебиеттер» көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз! Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.








и ещё 3




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив