04
февраль
2025
КІТАП – АҚЫЛЫНА АҚЫ СҰРАМАЙТЫН АЛТЫН ҚАЗЫНА
КІТАП – АҚЫЛЫНА АҚЫ СҰРАМАЙТЫН АЛТЫН ҚАЗЫНА
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде кітапханашы Н.П. Игнатьева 1 "Б" сынып оқушыларымен "Добро за добро" кітабын оқып, талқылады. Оқушылар кітаптың мазмұнымен танысып, жақсылық жасау мен қайырымдылықтың маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды.
Бұл іс-шара балаларға адамгершілік қасиеттерді дамытуға, өзара сыйластық пен көмектесу қажеттілігін түсінуге көмектесті. Қатысушылар әртүрлі сұрақтар мен пікірлерімен бөлісіп, кітаптың басты идеяларын өз өмірлерінде қолдануға тырысатындықтарын айтты.
Оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, жақсы мінез-құлықты насихаттаған кітапхана іс-шарасы балалардың жүрегінде ізгілік пен мейірімділік ұялатты.