Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
28
февраль
2025

«АЛҒЫС БІЛДІРУ – ЕҢ АСЫЛ СӨЗ»

«АЛҒЫС БІЛДІРУ – ЕҢ АСЫЛ СӨЗ»
2025 жылдың 28-ақпан күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күніне орай «Алғыс білдіру – ең асыл сөз» атты шара өтті. Бұл игі бастаманы мектеп кітапханашысы Н.П. Игнатьева 6 «Г» сынып оқушыларымен бірлесе ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты – оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс айтудың маңыздылығын ұғындыру. Сонымен қатар, олардың үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дағдыларын қалыптастырып, сыпайылық пен әдептілікке тәрбиелеу көзделді.
Іс-шара барысында оқушылар алғыс сөзінің мән-мағынасына терең үңіліп, ризашылық білдіру мәдениеті туралы ой қозғады. Олар алғыс айту арқылы адамдардың жүрегіне жылулық ұялатуға болатынын түсініп, өз өмірлеріндегі жақсылық жасаған адамдарға ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, оқушылар арнайы дайындалған өлең шумақтарын оқып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Мереке соңында қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін арнап, жақсылық жасау мен алғыс айтудың қаншалықты маңызды екенін ұғына түсті. Бұл шара балаларға адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, шынайы ризашылық білдірудің өмірдегі маңызын түсінуге көмектесті.
Алғыс айту – жүректен шыққан ең ізгі сөз. Бұл игі дәстүр әрдайым жалғасын тауып, адамдар арасындағы мейірімділік пен сыйластықты нығайта бермек.









и ещё 2



Все реакции:15Багила Айтбаева, Калима Оспанова и ещё 13
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив