28
февраль
2025
«АЛҒЫС – ІЗГІ НИЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТЫ ӨТТІ
«АЛҒЫС – ІЗГІ НИЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТЫ ӨТТІ
Алғыс айту күні – ел бірлігі мен татулығын айқындайтын маңызды мереке. Бұл күн тарихымызға құрмет көрсетіп, ата-бабамыздан қалған ізгі дәстүрлерді дәріптеудің символы болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп, ел дамуына өз үлестерін қосуда. Алғыс айту – ортақ тарихымызға, еліміздегі тұрақтылық пен ынтымаққа деген құрмет.
Дәл осы мерекеге орай, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Наурыз – Тәуелсіздік және Отаншылдық» айы негізінде оқушыларға алғыс айту мәдениетін үйрету, рақмет айту, ризашылық білдіру, құрмет көрсету дағдыларын қалыптастыру және ізгілікке, сыйластыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай 5 «А» және 6 «Ә» сыныптарында «Алғыс – ізгі ниет» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың «сыйластық» құндылықтарын, ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды бейбітшілікте, татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
Все реакции:8Вы, Нұркен Тоқаев, Гульмира Искакова и ещё 5