10
февраль
2025
«ДОСТЫҚ ҚЫМБАТ ӨМІРДЕ»
«ДОСТЫҚ ҚЫМБАТ ӨМІРДЕ»
тақырыбында дөңгелек үстел өтті
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы білім беретін мектебінде «Жас ұлан» ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес «Достық қымбат өмірде» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дос деген – киелі түсінік. Көңілі бір, ортақ адамдар ғана бір-бірімен дос бола алады. «Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам», «Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме», «Жаман туған болғанша, жақсы жолдасың болсын», «Досы көпті жау алмайды», «Жолдас көптің олжасы көп» дейді халқымыз. Жақсы дос ағайын-туыстан да жақын болып кетеді. Өйткені өзін шынайы дос санайтын адамның көңілі кіршіксіз келеді. Достар – бір-біріне ұқсас жандар. Бір-бірін толықтыратын, бір-бірінің кемшілігін жауып тұратын адамдар. Соның арқасында екеуінің де кемшілігі көрінбей қалады. Ойы мен санасы бір, көзқарасы мен пікірі ортақ жандар да бір-бірімен дос болуға бейім келеді. «Дос – көңілдің күмбезі» деп айтылатыны содан.