Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 28 ақпан күні Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай Республикалық “Алтын жүрек” челленджін ұйымдастырды
Бұл челлендж барысында оқушылар мен мұғалімдер өз алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін жолдады. Іс-шараның басты мақсаты – мейірімділік, ризашылық және сыйластық құндылықтарын насихаттау.
Шара барысында оқушылар ата-аналарына, ұстаздарына, достарына және айналасындағы адамдарға алғыс айтып, ізгі ниеттерін жеткізді. Мектеп ұжымы бұл челленджге белсенді қатысып, жылы лебіздерімен бөлісті.
Осындай игі бастамалар оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамытуға септігін тигізеді. Алғыс айту – жақсылық пен ынтымақтың белгісі!