04
февраль
2025
КІТАППЕН БІРГЕ ӘЛЕМДІ АШАМЫЗ
КІТАППЕН БІРГЕ ӘЛЕМДІ АШАМЫЗ
Оқушыларды кітапханамен таныстыру, білімнің кітаппен берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітапты күтіп ұстауға үйрету мақсатында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашысы Н.П.Игнатьеваның ұйымдастырумен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 1 «Г» сынып оқушыларымен кітапхана туралы, кітаптардың қалай орналасқаны, кітапханаға қалай жазылу керектігі, балалар әдебиеті бөлімі, кітап қоры туралы толық мағлұматтар берді. Сондай-ақ іс-шара барысында бүлдіршіндердің назарына Гуф Сандерсонның «Златовласка и три медведя» ертегі кітабын таныстырып, оқушылармен бірге талқылады. Қазақ, орыс, шетел шығармалары, балаларға арналған энциклопедиялар,тағы да басқа көркем суреттелген иллюстрациялы кітаптар ұсынылды. Кiшкентай оқырмандарымыз қызығушылық танытып, кітап туралы өз ойларын айтып бердi. Шара соңында кітапханашы оқушыларды кітап сүюге, кітаппен дос болуға шақырды.
и ещё 2