Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
21
ноябрь
2024

20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ

20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ
Бүгін, 21 қараша күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 1 «Г» сынып оқушыларына кітапханашы Т.П.Игнатьева танымал жазушы В. Одоевскийдің "Мороз Иванович" атты ертегісін таныстырды. Балалар ертегі кейіпкерлерімен танысып, оқиғаның басты идеясын түсінуге тырысты.
Ертегі балаларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке және жауапкершілікке үйретеді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын оятып, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру.
Оқушылар қысқы ертегі әлеміне еніп, Мороз Ивановичтің әділдігі мен мейірімділігі туралы ой бөлісті. Алдағы уақытта осындай әдеби шығармалар оқушылардың қиялын байытып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі.
📚 Балаларға кітап оқудың артықшылығын үйрету – үлкен міндет!















Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив