ӨМІРДІ ӨЗГЕРТУ –
БІР КІТАПТАН БАСТАЛАДЫ

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 3 «А» және 4 «В» сынып оқушылары үшін ерекше сыныптан тыс сабақ өтті. Бұл шараны мектептің кітапхана меңгерушілері Н.П. Игнатьева мен Т.Б.Даниленко ұйымдастырды.

Кітап – ақылдың кені, рухани байлықтың бастауы. Оқушыларға кітап оқудың маңыздылығы мен оның адамның ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын арттыратыны жайлы түсіндірілді. Сонымен қатар, кітапты өзгемен бөлісу – білім мен рухани құндылықтарды сыйлау екені айтылды.

Балалар өз ойларын ортаға салып, сүйікті шығармаларынан үзінділер оқыды. Әрбір оқылған жол, әрбір пікір кітаптың өміріміздегі ерекше орны бар екенін тағы бір дәлелдеді.

КІТАП – СЕНІҢ ЕҢ ЖАҚЫН ДОСЫҢ!

Кітаппен дос болайық, білімге ұмтылайық!
и ещё 10Все реакции:37Вы, Багила Айтбаева, Нұркен Тоқаев и ещё 34