04
февраль
2025
ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫМЕН ТАМЫРЛАСҚАН ХАН АПА
ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫМЕН ТАМЫРЛАСҚАН ХАН АПА
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде "Тәуелсіздік тарихымен тамырласқан Хан апа" атты әдеби кеш өтті. Кештің құрметті қонағы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, талантты ақын Ханбибі Есенқарақызы.
Хан апамыздың өмір жолы, шығармашылығы және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы үлесі туралы тың деректер мен қызықты естеліктер айтылды. Мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқып, шығармашылығына арналған сахналық көріністер қойды. Әдеби кеш жас ұрпақтың рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттырып, тәуелсіздігіміздің қадірін түсінуге ықпал етті.
Бұл кеш – Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығынан шабыт алған, тәуелсіздіктің рухын сезінген қатысушылар үшін ерекше әсерлі сәт болды.
Біз, мектеп ұжымы мен оқушылар, Хан апамызға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
