29
март
2025
КІТАППЕН ӨТКЕН КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС – ПАЙДАЛЫ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ
КІТАППЕН ӨТКЕН КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС – ПАЙДАЛЫ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ
Көктемгі демалыс – оқушылар үшін тынығып, жаңа әсер алуға таптырмас уақыт. Бірі саяхаттаса, енді бірі уақытын пайдалы өткізуді жөн көреді. Ал кітап оқу – демалысты мазмұнды өткізудің ең тиімді жолдарының бірі.
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектептің 6 «Ә» сынып оқушылары көктемгі демалыста кітап оқуға ерекше көңіл бөлді. Мектеп кітапханасында түрлі жанрдағы шығармалар ұсынылып, оқушылар қызыға оқыды.
Кітап – білім бұлағы, ой мен қиялды дамытатын құнды қазына. Ол сөздік қорды байытып, дүниетанымды кеңейтеді. Оқырман әр туынды арқылы жаңа әлемге еніп, кейіпкерлермен бірге қуанып, олардың қиындықтарын бірге еңсереді.
