19
март
2024
ЭССЕ ЖАЗУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Наурыз мейрамының сан ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік құндылықтарын, адам мен табиғаттың жарасымына негізделген дәстүрлерін өркендету мен жаңғырту, қазақ халқының байырғы, ізгілікті ұлттық салттарын мейлінше насихаттау, еліміздегі этностардың мәдени келбетін танытатын халықтық мұраларына мән беру мақсатында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде Наурыз мерекесі қарсаңында 2024 жылдың 19-наурыз күні «Наурызнама» онкүндіктің іс-шарасы жоспарына сай, «Наурыз – елдің заманауи тарихындағы ауқымды өзгерістерге жол ашқан жаңа саяси кезеңнің бастауы» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.