Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
19
март
2024

19 НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ КҮНІ

Наурыз – достық пен берекенің, жаңару мен жасарудың мерекесі.  Азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға, туған жердің табиғатын көркейтуге өз үлесін қосу мақсатында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде мектептің 60 жылдығы мен «Жаңару» күніне орай Ұлыстың ұлы күні қарсаңында мектеп директоры  Ж.А.Сихамбекова бастаған ұжым мен  оқушылар және ардагер ұстаздар әулеті мектебіміздің ауласына тал көшеттерін отырғызды. Сонымен бірге айналаны тазарту жұмыстары қатар жүргізілді.
Жалпы мектеп аумағын абаттандыру, экологиясын жақсарту жобасы аясында кезең-кезеңмен жүзеге асырылып келе жатқан жұмыстар биыл да жалғасын тауып жатыр.
Күллі қазақ жұрты атап өтіп жатқан наурыз мерекесіне арналған «Наурызнама» онкүндігі іс-шарасы аясында ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты да айқын. Болашақ ұрпаққа табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру.
БАРШАҢЫЗДЫ КӨКТЕМГІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫНА БІРГЕ АТСАЛЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив