20
март
2023
2023 жылдың 1-сәуірінен бастап бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттар тіркеу басталады
Құрметті ата-аналар!2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттар тіркеу басталады.
Қазақстандағы мектептің (жалпы білім беру ұйымының) бірінші сыныбына ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толған балалар, яғни, желтоқсан айының соңына дейін туғандар да бірінші сыныпқа бара алады, өйткені күнтізбелік жыл соңына дейін олар толық алты жасқа толады және мектепке қабылдануға құқылы. Құжаттарды egov.kz сілтемесі бойынша тапсыруға болады.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қандай құжаттар қажет:
1. ата-ананың (немесе оларды алмастыратын адамдардың) өтініші;
2. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3. денсаулығы туралы анықтама (медициналық паспорт);
4. 3 см х 4 см екі фотосурет.
Келесі құжаттарды ұсыну арқылы egov.kz арқылы өтініш беруге болады:
1. Ата-аналардың (немесе оларды алмастыратын адамдардың) өтініші;
2.Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3. «Баланың денсаулық паспорты» 026/у-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;
4. 063/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;
5. 3x4 екі фотосурет.
Ораз Жандосов атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектепте 5 бірінші сынып: қазақ тілінде оқытатын 2 сынып, орыс тілінде оқытатын 3 сынып ашылады деп жоспарлануда.
Бірінші сынып жетекшілері:
1. Жұмабекова Айгүл Әлібекқызы (қазақ сыныбы)
2. Ералина Шынкүміс Төлепқызы (қазақ сыныбы)
3. Исмаилова Гульмира Туганбаевна (орыс сыныбы)
4. Мұсабаева Райхан Ибрагимовна (орыс сыныбы)
5. бос орын (мұғалім әлі жоқ, бірақ HR процесінде бос орынға хабарландыру жарияланады)
Мектеп әкімшілігі