30
декабрь
2022
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде мектеп директоры Ж.А.Сихамбекованың қамқоршылық кеңес мүшелері алдында 2022-2023 оқу жылының І жартыжылдық есебі тыңдалды. Мектеп директоры өз есебінде оқу-тәрбие жұмыстары, мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің жетістіктері, бөлінген қаржының мақсатты игерілуі, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан білім алушыларға көрсетілген көмектер, мектептің материалдық жабдықталуына байланысты биылғы толықтырулар туралы есеп берді.