Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
01
сентябрь
2022

1-қыркүйек Білім күні

2022 жылдың 1-қыркүйегінде Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде сыңғырлаған күміс қоңыраудың үні естіліп, білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты алғашқы қоңырау салтанаты өтті.  Биыл мектептің бірінші сыныбына алты сынып бойынша 157 бүлдіршін қабылданып, партаға отырады. Салтанатты іс-шара екі тілде жүргізілді. Жиынға мектеп ұжымы, ата-аналар және  оқушылар қатысты. Салтанатты жиын мемлекеттік туды енгізумен және мемлекеттік гимннің орындалуымен басталды. Мектеп директоры Сихамбекова Жансулу Абдразаққызы құттықтау сөз жолдап, мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге сәтті қадам тіледі. Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтар мен ата-аналар да оқушыларға өз құттықтау лебіздерін білдірді. Мұнан соң бірінші сынып оқушыларына «Әліппе», «Букварь» оқулықтары табысталды. Одан соң жиын мерекелік концертке ұласып, 1-ші сынып оқушылары  орыс, қазақ тілдерінде өз өлеңдерін оқыды, әнін шырқады және би биледі. Салтанатты жиын соңында дәстүрге сай алғашқы қоңырау соғылды. Алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын әр сыныпта «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыптағы алғашқы сабақпен жалғасты.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив