02 март 2023 0 1 2 3 4 5 ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІНДЕГІ ОЛҚЫЛЫҚТАРДЫҢ ОРНЫН ТОЛЫҚТЫРУ – ОҚУ САПАСЫН АРТТЫРУ КЕПІЛІ Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы жұмыс жоспарына сәйкес, бастауыш сынып әдіскері Нұржамал Ахаеваның ұйымдастырумен оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтырудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану тәжірибесімен бөлісу және оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 орта білім беретін мектеп базасында семинар өткізіліді. Семинарда өткізілген барлық іс-шара осы мақсат аясында өтті.Семинарға қатысушылардың кері байланысына қарай, семинар өте жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушы мұғалімдердің пікірінше, семинарда көптеген қажетті ақпарат беріліп, құнды дүниелер көрсетілді. Өз ісіне адал, шығармашыл мұғалімдермен танысып, іс-тәжірибесін толықтырғандарына ризашылық білдірді