Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » БЕС ТАС ПЕН АСЫҚ АТУДАН ЖАРЫС ӨТТІ
21
апрель
2023

БЕС ТАС ПЕН АСЫҚ АТУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Қазіргі компьютер заманында  ұлттық ойындар арқылы бала тәрбиесіне, денсаулығы мен ойлау жүйесіне тигізер пайдасы мол. Сондықтан, жаман қылық пен жауыздықтан алшақтатып, ұлтжанды ұрпақ өсіремін десек, ұл-қызымызды бос уақытта немен айналысатынына мән беруіміз керек. Ұлттық ойындарды жаңғырту және жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Майлыбаев Е. ұйымдастыруымен бес тас пен асық атудан 5 және 6-сыныптар арасында мектепішілік жарыс өтті. Іс-шараның мақсаты – жастарға ұлттық ойындарымызды насихаттау, уақыттарын көңілді өткізуге шақыру, жақсы көңіл-күй сыйлау.
Оқушылар жарыс барысында ойын түрлерімен, ойнау тактикаларымен танысып, бес тас, асық ату ойындарын ойнады. Жарыс нәтижесінде өзінің шеберлігін көрсете білген, жүзден жүйрік озып шыққан оқушылар марапатталды. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив