11
май
2023
«МЕН – ОТАН ҚОРҒАУШЫМЫН!»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 ЖОББМ-те Шымкент қаласы білім басқармасы, Шымкент қалалық прокуратурасымен бірлескен «МЕЙІРІМ -ЖҮРЕКТЕН» атты айлық іс-шарасы аясында оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу мақсатында АӘД пәні мұғалімі Исатаев Ш.Ф. басшылығында жоғары сынып оқушылары қатысуында «Мен - Отан қорғаушымын!» атты іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар сапта жүру, Калашников автоматын бөлшектеу және құрастыруды, дәлдікті тексеруді орындады.



















