19
май
2023
“АДАЛДЫҚ-ПАРАСАТТЫЛЫҚ” ТАҚЫРЫБЫНДА ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адалдық-парасаттылық» тақырыбында танымал тұлғалармен TEDX форматында кездесу өткізілді. Кездесуге «Қазақстан теміржолы ҰҚ» АҚ "Жолаушылар тасымалы" компаниясының жолсерігі Давлетова Дильфуза Агабековна шақырылды. Кездесу барысында Дильфуза ханым оқушылармен бірге “АДАЛДЫҚ-ПАРАСАТТЫЛЫҚ” тақырыбында ойларын талқыға салып, оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, кішіпейілділікк, өз халқының салт-дәстүрін үйрете отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.




