16
май
2023
САЛТ - ДӘСТҮРІМ – ТАУСЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҒЫМ
«МЕКТЕП ЖӘНЕ ТЕАТР» жобасы аясында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Салт - дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты әдеби-музыкалық композициялық іс-шарасы өтті.
«САЛТ - ДӘСТҮРІМ – ТАУСЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҒЫМ» атты әдеби - музыкалық композициялық іс-шараның өту барысында бастауыш орыс сыныптарында оқитын кішкентай балаларымыздың қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, ұлттық тұрмысына, мәдениетіне қызығушылық білдіріп, үлкен шеберлікпен барлық рөлдерді керемет сомдап шықты. Балалар салт-дәстүрлер мен ырымдарды, тыйым сөздерді, өлең, тақпақ, сахналық театрландырылған қойылымды ерекше қызығушылықпен орындады.
Мектеп директоры Ж.А.Сихамбекова оқушылар мен ұстаздарға жылы лебізін білдірді. Іс-шараға белсене қатысқан оқушыларға алғысын айта отырып, мақтау қағаздарымен марапаттады. Іс-шара соңында ана-аналар қауымы да өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
«Салт - дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты әдеби - музыкалық композициялық іс-шараны өткізген Г.К.Искакованың жұмысы жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.
Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына имандылық пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

