Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
26
январь
2023

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп басшысы Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы 2022-2023 оқу жылының бірінші жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысына есеп берді.
Ата-аналар жиналысында қаралған мәселелер:
1.Мектептің 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығындағы білім сапасы, оқушылардың І жартыжылдық бойынша жеткен жетістіктері;
2.2022-2023 оқу жылының І жартыжылдық бойынша игерілген қаражаттың есебі;
3. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен есірткінің алдын алу;
4.Кибербуллинг және буллинг;
4.2022-2023 оқу жылының ІІ жартыжылдығына алған қойылған жоспарлар мен міндеттемелер;
5. Әр түрлі мәселелер.
 Ата-аналар жиналысына мектеп директоры өз есебінде оқу-тәрбие жұмыстары, мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің жетістіктері, мектептегі бөлінген қаржының мақсатты игерілуі, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушыларға көрсетілген көмектер, мектептің материалдық жабдықталуына байланысты биылғы толықтырулар жайында айтты. Ата-аналар өз ұсыныстары мен пікірлерін айта келе, қорытынды есеп соңында мектеп ұжымына жылы лебіздерін білдіріп, бүгінге дейін атқарған жұмыстарына оң бағаларын берді, сонымен қатар алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив