26
сентябрь
2023
АҒЫЛШЫН ЛИГАСЫ БОЙЫНША МЕКТЕПІШІЛІК ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ
Дебат ойындары – сөзді қиыннан қиыстыратын тіл жүйріктерінің өнер жарысы, сөз сайысы, сөз барымтасы.
2023-жылдың 26-қазан күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Dream team» ағылшын лигасының 8-9 сынып пікірсайысшыларының қатысуымен мектепішілік дебат ойыны өтті. Дебат АПФ форматында болды. Дебат екі топтан құралды: үкімет және оппозиция. Топ құрамында екі оқушыдан болды. Қатысушылар өз пікірлерін, аргументтерін ортаға салып талқылап отырды. Жетекшісі: Хабибдиярова Ф.И.
Мақсаты - белгілі бір фактілерді зерттеу, жүйелеп сөйлеуге, өз ойын ашық және жүйелі етіп дәлелдеуге, өз бағытын дұрыс ұстануға жетелеу.
Дебат «Результат зависит от достижений» («The result depends on the achievement») деп есептейді тақырыбында өткізіліп, талқыланды. Дебат соңында мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы дебатқа қатысқан оқушыларға сәттілік тіледі. Пікірсайыс турнирінің нәтижесі бойынша «Phoenix» фракциясы жеңіске жетті.



