04
ноябрь
2023
"АҚБЕРЕН" ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 3 қараша күні «Ақберен» атты республикалық өнер байқауының қалалық кезеңі өтті. Бұл байқауға Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің дарынды оқушысы 9-сынып оқушысы СҰЛТАНБЕК ІНЖУ қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жеңімпазымыздың жеңісіне өз үлесін қосқан жетекшісі БИТАЕВА ЛАЗИРА АУЕСХАНОВНАҒА ұжым атынан ерекше алғыс білдіреміз! Біз Сіздермен мақтанамыз!
Оқушыларды ынталандыру мақсатында республикалық өнер байқауын ұйымдасырған орталық ұжымы мен басшысы РАУШАН ОМАРХАНҚЫЗЫНА алғысымызды білдіреміз! Мұндай шаралар балалардың шығармашылығын шыңдап, жетістікке жетелейтіні анық. Байқау жоғары деңгейде әділ өтті деп есептейміз. Жеңісіміз көп болсын! Шәкірттеріміз биік шыңдарды бағындыра берсін.