24
ноябрь
2023
ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ «BALTEKSTIL» КӘСІПОРНЫНА ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ
Кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес 2023 жылдың 22 қарашасында Ораз Жандосов атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектептің кәсіптік бағдар беру педагогы – Курманбаева Замира Мухамедовна, педагог-ұйымдастырушы Арнауытов Арафат Бақытжанұлы мен 9 сынып оқушылары-«BALTEKSTIL» кілем тоқыма фабрикасына өндірістік саяхат жасады.
Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша менеджері –Габит Бимендиевич және өндіріс бастығы – Нурдаулет Абдибековичпен танысып, цехқа кірмес бұрын оқушылармен техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқаулық жүргізіп, өндіріс бойынша экскурсияны жалғастырды.
Кілем тоқыма технологиясын, дайын өнім шыққанға дейінгі толық процеспен таныстырды. Өндірістік цехтың тазалығы, жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасалғаны оқушыларға қатты ұнады. Біздің мектептің оқушылары өндіріс орынын толық аралап, қажетті ақпараттарға қаныққан соң жетекшілік жасаған өндіріс қызметкерлеріне алғыстарын айтты.


