19
декабрь
2023
МЕКТЕПІШІЛІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Бүгін Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде тарих және география әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына орай оқушылардың мектепішілік жобалар мен шығармашылық жұмыстар конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты – оқушыларды ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарға ынталандыруды ұйымдастыру, ғылыми-тәжірибелік жұмыстарда туындаған проблемаларды шешу. Аталмыш конференцияға 10 оқушы қатысып, баяндама оқып, шығармашылық жұмыстарын ортаға салды. Әділқазылар алқасы: мектеп директоры Сихамбекова Ж.А. (комиссия төрайымы), мектеп директорының орынбасарлары Шестакова Л.Б., Битаева Л.А., Скендерова Г.С. және Айпеисова Б.М. аталмыш конференцияға төрелік етіп, бірнеше белгілері бойынша (шығармашылық, ғылыми ойлау, тақырыптың ашылуы, қолданылатын әдістердің тиімділігі...) бағалап отырды. Конференция нәтижесі бойынша Макуха Зинаида Александровнаның 8 «Д» сыныбында оқитын шәкірті Бучучан Артем үздік жоба деп атанды. Барлық қатысушы оқушылар мектеп директорының мадақтамасымен марапатталды.

























