05
январь
2024
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024-жылдың 5-қаңтар күні мектептің мәжіліс залында кезекті педагогикалық кеңес өткізілді.
Кезекті педагогикалық кеңесте КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ қаралған мәселелер:
1. №2 педагогикалық кеңестің орындалу туралы (Битаева Л.А.);
2.Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындықта мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдердің жүйелі жұмысының тиімділігі (Шестакова Л.Б., Айпейсова Б.М.);
3.Оқушылардың білім сапасын арттырудағы психологиялық-педагогикалық қолдаудың рөлі (Момбаева Қ.Қ.);
4. 2023-2024 оқу жылының оқу үлгерімі бойынша ІІ оқу тоқсанның қорытындысы, сыныптар бойынша оқушылардың білім сапасының І жартыжылдығына сараптама жасалынды (Шестакова Л.Б.);
5. Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі (Оспанова К.А., Мылтықбаева Ж.Н.);
6. Инклюзивті білім алушылар мен мүмкіндігі шектеулі оқушылармен атқарылған жұмыстың қорытындысы (Битаева Л.А.)
7. 5-сынып оқушыларының сабақтастығы (Битаева Л.А., Досалиева П.А.);
8. Әр түрлі мәселелер, «Kundelik.kz» электронды журналының жүргізілу деңгейі, бағдарламаның орындалуы (Шестакова Л.Б., Досалиева П.А., Битаева Л.А.).
Педагогикалық кеңесте мектептің директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы ұжым мүшелерінің ІІ жартыжылдықтағы жұмыстарына сәттілік тілеп, бүгінгі атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, ұжымның мақсаттарын айқындады. Сондай-ақ, педкеңес соңында ұсыныстар айтылып, шешімдер қабылданды, кері байланыс берілді.



