22
сентябрь
2023
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2023 жылдың 21-қыркүйек күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде қамқоршылық кеңестің отырысы болып өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы өткен оқу жылының атқарылған іс-шаралар мен жетістіктер жайында есеп беріп өтті. Мектеп ұжымы мен мектеп оқушыларының жоғары жетістігімен қатар мектептің жалпы тыныс тіршілігін, мектебіміздегі жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелеріне кеңінен тоқтала кетті. Оқу-тәрбие процесінің тиімді жүргізілуі мен мемлекеттен бөлінген қаражаттың өз дәрежесінде уақытылы және жүйелі игерілуіне жұмыс жасай беретіндігін жеткізді. Сонымен қатар мектепте білім алушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған жұмыстарды атап өтті. Биылғы оқу жылында қолданысқа берілген STEM кабинетін, 414, 149 ерекшеліктен алынған заттарды көрсетті. Оқушыларға мемлекеттік көмек ретінде берілетін мектеп асханасынан "Ыстық тамақ" ішетін аз қамтылған отбасылар мен арнайы көмек алушы отбасыларының балалары туралы және «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылуы жайлы әлеуметтік педагог Мылтықбаева Ж. есеп берді. Одан бөлек мектебімізде жүргізіліп жатқан үйірмелер, ауқымды жобалар, айта кетсек «Оқуға құштар мектеп», Дебат клубы, «Өзін-өзі басқару» ұйымы, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында «Адалдық сағаттары» туралы баяндады. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері мектеп басшысының есебіне "жақсы" деген баға берді.



