Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
04
март
2024

ЕЛБАСЫ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

«Елбасы медалі» жобасында әрбір қатысушыға өзін-өзі дамыту үшін жеті бағыт ұсынылған: «Спорт және дене шынықтыру», «Кітап оқу», «Дарын мен дағды», «Ұлттық мұра», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар» және «Еңбек тәжірибесі». Бағдарламаны әзірлеуде үздік әлемдік тәжірибе қолданылған.
«Елбасы медалі» жастардың тек білімінің және табысының символы ғана болып қалмайды. 
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Сұлтанбек Інжу «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» жобасының қола медаль иегері атанды.
    Ұлттық деңгейдегі бірегей бағдарлама жастардың  жан-жақты дамуын көздейді. Бұл бағдарлама қатысушыларға өз қабілеттері мен таланттарын ашуға көмектеседі. Қола, күміс және алтын медальдар жастарға стимул береді. Әрбір қатысушыға қазіргі үйреніп жүрген дағдылары алдағы уақытта қажет болады. Білімді де, дарынды жастар - ертең еліміздің дамуына өз үлестерін қосады.   Мемлекеттік жеңілдіктер ие болатын жобалардың бірі. Мектеп директоры Жансұлу Абдразаққызы Сұлтанбек Інжуді жеткен жетістігімен құттықтап, марапатын табыстап, келесі кезеңдегі Күміс, Алтын медаль алуға сәттілік тілеп, жеңіске жетуге тілек білдірді. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив