28
март
2025
АЛТЫН ТҰҒЫРДАН КӨРІНГЕН ҰСТАЗДАР
АЛТЫН ТҰҒЫРДАН КӨРІНГЕН ҰСТАЗДАР
2025 жылдың 27-28 наурызы күндері Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдері арасында математика пәнінен республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасы өтті. Бұл білім сайысына еліміздің әр өңірінен 160 мұғалім қатысып, өз біліктіліктерін сынға салды.
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Дехканбаева Дильназа Тахиржановна мен Свириденко Анна Николаевна мектеп намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетті.
Аудандық және облыстық кезеңдерден сүрінбей өтіп, республикалық додада үздік нәтижеге қол жеткізген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы кәсіби жолында толағай табыстар мен шығармашылық шабыт тілейміз! 


