2025 жылғы 31 наурыз бен 4 сәуір аралығында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 10-11 (12) сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өткізілді.

Аталған білім додасы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, облыстық білім басқармасы және облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өтті. Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлерінен 163 оқушы қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Шымкент қаласынан 8 оқушы қатысып, олардың 6-уы жүлделі орындарды иеленді.

Жүлдегерлер қатарында ІІ орын иегерлері — Камола Ирисматова («Абай Құнанбаев атындағы мектебі» ЖШС, 11-сынып), Чарос Юлдашева (О.Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектеп, 10-сынып), Әсем Тұрғын (№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектеп, 11-сынып); ІІІ орын иегерлері — Жадыра Валиханова (№83 жалпы орта мектеп, 11-сынып), Альнур Еркинов («Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты, 10-сынып), Карина Отенбаева (№42 Хамза атындағы жалпы орта мектеп, 11-сынып).

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктері арта берсін!
