Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Юлдашева Чарос қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Республикалық олимпиаданың жүлдегері атанып, ІІ орын иеленді!



Орал қаласында өткен білім сайысында Чарос үздіктер қатарынан көрініп, күміс медаль тақты! Бұл жетістік – оның табандылығы мен терең білімі, қажырлы еңбегінің жемісі. Чаростың жеңісі – мектебіміздің мәртебесін асқақтатқан зор мақтаныш!

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шонанова Жанара Балтабаевна.

Олимпиадалық резерв жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білікті бапкері Досалиева Патима Амангельдиевна.
Ұлағатты ұстаздарымыз – шәкірттеріне білім нәрін сеуіп, жеңіске жетелеуші нағыз шеберлер! Олардың қажырлы еңбегі мен қолдауының арқасында Чарос осындай жоғары белесті бағындырды.

