06
октябрь
2022
ОҚУШЫЛАР ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН ӘКІМШІЛІК
Кезінде Тәуке хан күрделі істерді шешу үшін Төле би, Қазыбек, Әйтеке билерді жинап, «Күлтөбенің басында кеңес» өткізіп тұрған.
Осы секілді Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде мектептегі «Өзін-өзі басқару» жұмысын жандандыру және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында мектептің өзін-өзі басқару ұйымы және мектеп парламенті мүшелерімен "Директорға қойылатын 100 сұрақ" дастархан басында сұхбат өткіздім.
«Еліміздің ертеңі, біздің болашағымыз – мына отырған сіздер. Ертеңгі ел басшылары, қоғамның белді азаматтары, тың идеялар мен үлкен істердің, жобалардың бастамасы – сіздерден шығады», - деп, мектеп парламенті мүшелерімен мектеп мәдениетіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, кеңестер айтылды. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, ашық əңгіме- кездесу жоғары деңгейде өтті. Жастардың үніне құлақ асып, мектеп өмірінде жағымды өзгерістер орын алатынына сенімдімін!!

