01
октябрь
2024
БРАКЕРАЖДЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ МЕКТЕП АСХАНАСЫН ТЕКСЕРДІ
БРАКЕРАЖДЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ МЕКТЕП АСХАНАСЫН ТЕКСЕРДІ
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің асханасына 2024 жылғы 01 қазан күні ата-аналар комитетінің мүшесі С.Елтаева және мектебіміздің бракераждық комиссия мүшелері К.Оспанова, әлеуметтік педагог Ж.Мылтықбаева, мектеп медбикесі Н.Артухматова тексеру жүргізіп, асханадағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына бақылау жасады. Тексеру барысында бракераждық комиссия мүшелері тамақтың сапасын, асхананың тазалығын, ас мәзірін, әкелінген азық-түліктердің сақталу мерзімін және сапасы талапқа сай екендігін тексерді.
"Мектептегі тамақтану" айдарына білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша ақпарат күнделікті жүйелі түрде орналастырылуда.
Еліміздің болашағы жас жеткіншектерге берілетін күнделікті тағамның сапасымен, асхананың санитарлық жағдайымен танысқан бракераждық комиссия мүшелері жүйеленген жұмысты көріп өздерінің оң бағасын берді.
и ещё 2