13
декабрь
2024
"ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 13 желтоқсан күні "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Бірлік және ынтымақ" айының құндылығын негізге ала отырып “16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 33 жылдығы” мерекесі қарсаңында "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" тақырыбында іс-шара өтті.
Мақсаты:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту. Тәуелсіздіктің мәні мен маңызын тереңірек түсіндіру.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
