БОТУЛИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылар арасында өзекті мәселе болып тұрған тамақтан улану, яғни ботулизм ауруының алдын алу мақсатында 1-11 сынып оқушылары диктант жазып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!

Ботулизм дегеніміз ол өткір тамақтану ауруы, адам ағзасына түсетін ботулинум токсиннің нәтижесінде дамиды. Инфекция тамақтану арқылы өтеді, көбінесе ботулизм консервілерінен өтеді.

Ботулизмнің қоздырғышы С.botulinum анаэробты жағдайда көбінесе ауа жоқ жерде көбейетінін, әсіресе дұрыс жабылмаған банкілерде, үй жағдайында консервіленген азықтарда, баялды (баклажан), қияр, саңырауқұлақ, балық, салаттарда көптеп кездесетінін, адамның зақымдануы көбінесе үй жағдайында дайындалған консервілердің, шұжықтардың, қақталған балықтардың т.б. токсиндермен зақымдалған тағамдарды пайдаланғанда болады.

Ботулизмнің алдын алу жолдары:

қақпағы көтерілген, түсі бұзылып, иісі шыққан банкілерді жедел түрде жою қажет, тіпті дәмін де татуға болмайды;

үй жағдайында консервіленген салаттар, саңырауқұлақ, қияр, қақталған балық, окорокты т.б базардағы және көшелердегі сатып жүрген белгісіз адамдардың қолынан сатып алмау;

сатып алынған өнімдерді топырақтарын тазалап, ағынды судың астында бірнеше рет тазалап жуу қажет;

банкілерді, қақпақтарды, стерилизациялау әдісіне аса назар аудару қажет;

өнімдерді консервілеудің режимін сақтау, сірке немесе лимон қышқылын міндетті түрде пайдалану қажет.