05
январь
2025
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР МЕН АТА-АНАЛАР!
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР МЕН АТА-АНАЛАР!
Баршаңызды Жаңа 2025 жыл – Жылан жылымен шын жүректен құттықтаймыз! Жылан – даналық пен сабырлылықтың, жаңару мен үйлесімділіктің символы. Бұл жыл сіздерге мол табыс, отбасы берекесі мен тек қуанышты сәттер әкелсін.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен қолдауларыңыздың арқасында мектебіміз үлкен жетістіктерге жетіп, балаларымыздың болашағы жарқын болуда. Жаңа 2025 жыл сіздерге мықты денсаулық, шабытты еңбек және барлық армандарыңыздың орындалуын сыйласын.
Ұстаздарымызға - шығармашылық табыс, ата-аналарымызға - балапандарыңыздың қуанышына бөленуді тілейміз! Жаңа жыл құтты, құт-берекелі болсын!
Ізгі ниетпен, Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі.